ADAL: Алматы облысында баспана алу мен кредит төлеу проблемасы өте өзекті
ADAL: Алматы облысында баспана алу мен кредит төлеу проблемасы өте өзекті
220
оқылды

Кездесуге спортшы Ардақ Назаров, журналистер Дәулет Мұқаев пен Мақсат Толықбай, «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы Лаззат Чинкисбаевалар қатысты.

ADAL партиясының кандидаттары өңірге сапарының екінші күні Қарасай ауданына барды. Олар Қаскелең қаласының тұрғындарымен көшелерді аралап жүріп әңгімелесті. Қала тұрғындары бірнеше түйінді проблеманы айтып шағымданды. Олар жолдардың нашарлығы мен бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану жайын айтып шағымданды. Тұрғындардың 70% тұрғын үй мәселесін көтерген. Өз кезегінде ADAL партиясынан депутаттыққа кандидат Мақсат Толықбай облыстық бюджеттің қалай бөлінетіндігін түсіндірді.    width=

«Біздің сайтымыздың мәліметі бойынша, Қарасай ауданының бюджеті 1,5 миллиард теңгені құрайды. Бұл бюджеттен 36 % трансферттерге, 26 % жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге, 23 % отын-энергетика кешеніне және жер қойнауын пайдалануға, 5% ауыл шаруашылығына және т.б. жұмсалады», – деді ол.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына тағы бір кандидат Даулет Мұқаев «Сіздің өңіріңіздің бизнес идеялары» сервисі туралы айтып, ауданда нақты проблемаларды айтты. Атап айтқанда: банкоматтар, ТҚС, қоқыс тасығыш қызметтері және т.б.    width= Одан әрі партия өкілдері «Жетісу» ӘКК қызметкерлерімен кездесті. Спикер ретінде Ардак Назаров пен Лаззат Чинкисбаева сөз сөйледі. Олар партияның бастамалары мен негізгі бағыттары туралы айтып берді. Кездесу барысында ауылдық жерлердің өзекті мәселелері талқыланды. Лаззат Чинкисбаева барлық проблемалар жергілікті жерлерде жедел шешілуі тиіс екенін атап өтті. Көпбалалы ана Айнұр депутаттыққа үміткерлерге өзінің проблемасы туралы айтты. Оның балалары кішкентай болғандықтан, жұмысқа шыға алмай жүр екен. Нәтижесінде, ол несие төлеу проблемасына тап болған. Айнұр егер несиесін төлеу кестесін қайта қарап берсе, төлейтінін айтты.    width=

ADAL партиясынан депутаттыққа кандидат Лаззат Чинкисбаева көптеген қазақстандық осындай проблемаларға тап болып отырғанын  айтты. Сондықтан партия жеке тұлғалар үшін банкроттық институтын енгізуді ұсынады. Партия өкілдері елдің әр тұрғыны шешілмейтін қиындықтарға тап болып, қарызды есептен шығаруға немесе несие бойынша төлем кестесін қайта қарауға құқылы екенін айтты.

Өз кезегінде Дәулет Мұқаев тұрғын үйдің қолжетімділігі туралы көпшілікті толғандыратын сауалға жауап берді.

Сондай-ақ депутаттыққа кандидаттар Ұзынағаш ауылында халықпен кездесу өткізді. Іс-шара диалог форматында өтті. Кездесу барысында Дәулет Мұқаев кездесу қонақтарына партия сайтының ең пайдалы функцияларын және қандай мүмкіндіктерді пайдалануға болатынын егжей-тегжейлі баяндап берді.