Ресейдің мемлекеттік «Первый канал» арнасынан РФ Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы әрі «Большая игра» бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов “Қазақстанның территориясы – Ресейдің сыйы” деген еді.
Бұдан кейін бұл мәлдімдеме әлеуметтік желіде шу тудырды.
Осыған байланысты Вячеслав Никонов өзінің Telegram-каналында: “Меніңше, Қазақ КСР-інің шекарасын айқындауда Қазақстанның мүддесі толықтай сақталды. “Большая игра” бағдарламасында мен дәл осыны айттым. Осы сәтті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ең жылы сезімдерімді тағы да білдіргім келеді,” – деп жазған (https://t.me/VA_Nikonov/264). Осылай деген депутаттың қазақстандықтардан ашық кешірім сұрауға дәті жетпей отырғаны байқалады.