Екі қорап шоколад ұрлаған ер адам 10 жылға сотталуы мүмкін
Екі қорап шоколад ұрлаған ер адам 10 жылға сотталуы мүмкін
195
оқылды

Супермаркеттен екі қорап шоколад ұрланы үшін ұсталған словакиялық тұрғынды прокуратура он жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Markiza TV.

Пандемияға байланысты елде төтенше жағдай режимі енгізілген уақытта ұрлық жасаған ер адамға осындай ауыр жаза кесілмек. Айта кетерлігі, ұрланған конфеттердің құны бірнеше еуро ғана болғанымен, куәгерлердің айтуынша, ер адам ұрлықты ешкімнен қымсынбастан жасаған және оқиға орнынан қашып кетуге де асықпаған.

Айып тағылған ер адамның туыстары Словакия президенті Зузана Чапутоваға ел билігінің сот процесіне араласуын өтінді. Алайда заң бойынша президент тек үкім шыққан соң ғана қылмыскердің жеке өтініші бойынша оған рақымшылық жасай алады.