Орал: Үйлену тойының кортежінде оқ атқан күдікті ұсталды
Орал: Үйлену тойының кортежінде оқ атқан күдікті ұсталды
196
оқылды

«Орал апталығының» жазуынша, үйлену тойы кортежіндегі жүргізушінің көшеде оқ атқан. Полиция оны ұстап, тапаншасын тәркіледі.

Әлеуметтік желіде жеңіл автокөлік рөліндегі жас адам жол қиылысында шығып, тапаншадан ауаға оқ атқан видеосы тараған еді. Оқиға Орал қаласының 6 ықшамауданында «Орал» сауда үйіне таяу жерде болған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі: «Бұл оқиға 20 қарашада орын алды. Тапанша бірден тәркіленді. Сараптамаға жіберілді. Сараптама мұның сигналдық тапанша екенін анықтады. Сондықтан, суық қару болып табылмайды. Жас жігіт «Бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, тексеру кезінде ол көлік жүргізу құқығынан айырылса да, автокөлікті жүргізгені анықталды. Сол себепті, әкімшілік хаттама толтырылып, екі іс те әкімшілік сотқа берілді», – деп хабарлады.