Марат Тажин жаңа қызметке тағайындалды
Марат Тажин жаңа қызметке тағайындалды
285
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік ол бұған дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған.

1960 ж. сәуірдің 8-інде Ақтөбе қаласында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

1992 ж. дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.

1992 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.

1994—95 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі.

1995—99 жж. — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.

1999—01 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2000 ж. — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.

2001 ж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.

2002 ж. — Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2002 ж. тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары.

2006 ж. сәуір айынан бастап — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2007 ж. қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2009 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды

2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы ретінде тағайындалды. Бұл қызметте ол Мұхтар Құл-Мұхамедті ауыстырған болатын.

2014 жылдың 11 ақпан күні ҚР-ның РФ-ғы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

2017 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2019 жылдың 24 наурызы мен 18 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды.