Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жан-жақты дарынды тұлға, жас таланттарды қолдап, бағыт беріп келеді.
Елбасы «жастарға сенім арту – ауқымды өзгерістер мен заманауи Қазақстанның қалыптасуының басты құрамдас бөлігі» екенін бірнеше рет атап өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап экономика мен мемлекеттік басқарудың негізгі секторлары үшін бәсекеге қабілетті кәсіби элитаның жаңа буынын дайындау үшін берік негіз қаланды. Әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері және Қазақстанның Тұңғыш Президентінің басқа да бастамалары елдегі білім берудің айқын көрінісіне айналды. Таланттарды басқарудың ұлттық жүйесін дамытудағы тағы бір маңызды қадам Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 2019 жылы ұсынған «Ел үміті» бастамасы. «Ел үмітінің» 10 жобасы, қайсысы болмасын, оқушылар мен жастардың нақты аудиториясына бағытталған және таланттарды анықтау, есепке алу және қолдау бойынша өзінің бірегей рөлін атқарады. Нұрсұлтан Назарбаев қоры 2019 жылы құрған Елбасы Академиясы жобалық кеңсе болып айқындалды.«Елбасы медалі» бағдарламасы білім беру саласында, патриот, жігерлі, болашағына сенімді тұлға тәрбиелеу ісінде ерекше орын алады. Барлық уақытта жақсы білім құстың қос қанаты – тәрбие мен білімге сүйенді. Білім беруде білімнің тәрбие беру тәсіліне қарағандағы айқын басымдығы көрінісінде «Елбасы медалі» бағдарламасын әмбебап және бірегей деп атауға болады. Оны әзірлеу кезінде жастардың өзін-өзі дамытуын қолдау бойынша әлемдік тәжірибе ескерілді. Біріншіден, бұл – Курт Ханның тұтас тәрбие берудегі 6 қағидасы, сонымен қатар Халықаралық бакалавриаттың тәжірибесі және әлемнің 150-ден астам елінде таралған Эдинбург Герцогы сыйлығының бағдарламасы. Елбасы медалі – қатысушылардың 7 бағыт бойынша қызмет етуін көздейтін челлендж: спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, туристік жорықтар және еңбек тәжірибесі. Бағдарламаның үш деңгейі бар: қола, күміс және алтын. Деңгей алты айдан 18 айға дейінгі тапсырмаларды орындау мерзімін және жетістіктеріне қарай тапсырмаларды айқындайды. Аптасына орта есеппен 1-3 сағат. Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Білім туралы» заң мен жоғары оқу орындарына түсу кезінде басым құқықты қоса алғанда, бағдарламаға қатысушылар үшін көтермелеу шаралары жөніндегі нормативтік актілерге өзгерістер әзірленіп, қабылданды. 600-ден астам сертификатталған тәлімгер, сарапшы мен өңірлік үйлестіруші дербес аккаунты мен мобильді қосымша арқылы педагогикалық қолдау көрсетеді. «Ел үміті» порталында жеке сабақтарға арналған барлық әдістемелік материал, соның ішінде ең танымал спорт түрлері, өнер, қолөнер бойынша 576 бейнесабақ жүктелген. Басты жетістік – бұл жас қазақстандықтардың өзгерістерге деген үлкен ұмтылысы – өздерін өзгерту арқылы қоршаған әлемді жақсы бағытқа өзгерту. Күн сайын еріктілік жұмыс шеңберінде бағдарламаға қатысушылар мұқтаж адамдарға қалай көмектесетіні туралы ақпаратпен бөліседі. Жастар қоғамға көрсеткен пайдасын мақтан тұтады және өз жетістіктерін Елбасы есімімен байланыстырады. Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» олимпиадасында 4 мың ауыл мектебінде 5 және 6-сыныптың 295 мың оқушысы, 600 мың ата-ана мен педагог қамтылды. Мектептегі дайындық сапасының әртүрлі екені ескеріліп, танымдық қабілеттерді бағалауға баса назар аударылды.Бүгін «Ел үміті» жобалары 2020 жылы болған пандемия мен карантинге қарамастан жастар арасында өзінің өміршеңдігі мен қажеттілігін дәлелдеді деп сеніммен айтуға болады. Елбасы Академиясының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің айтуынша, «бастамаға енген «Мың бала» жобасы, Елбасы медалі, салалық көшбасшыларды даярлау бағдарламасы және басқа да жобалар өте өзекті және оларды Үкімет жоғары бағалады. Жалпы, «Ел үміті» бастамасына 350 мыңнан астам қатысушы тартылған. Қазақстандықтардың қызығушылығын Нұрсұлтан Назарбаев қорының «Ел үміті» білім беру порталының жұмысы да растайды – сарапшылар, ата-аналар, педагогтер мен жұмыс істейтін жастар арасында жобалардың қамту аймағы 2020 жылы 1,5 млн адам болды.
Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, 24 ақпан мен 10 қыркүйек аралығында академиялық қабілеттерді бағалау және онлайн тестілеуді қоса алғанда, екі кезең өткізілді. «Мың бала» олимпиадасының қорытындысымен жеңімпаз атанған 1 000 бала, Нұрсұлтан Назарбаев қорының бағалы сыйлығы – онлайн оқуға арналған ноутбуктер табысталды, 338 жүлдегер дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білімін жалғастырды және 2 мың финалист Елбасы Академиясының онлайн мектебінде арнайы дайындықтан өтуде. Әр қатысушымен тұрақты кері байланыс орнатылды. Мысалы, қордың байланыс орталығы арқылы 16 мың қоңырау өңделді. Әрбір финалист есепке алынған және оларға Елбасы Академиясының тьюторлары бақылау жүргізеді.
Birge oqý онлайн мектеп жобасын осы жыл ішінде білім беруде жүргізілген жүйелі өзгерістердің қатарына жатқызуға болады. Карантинге байланысты жоба белгіленген мерзімнен бұрын іске қосылды және ел мектептерін қашықтан оқытуға көшіруде маңызды рөл атқарды. Локдаун кезеңінде Birge oqý өткізген семинарлар мен курстардың арқасында мұғалімдер мен ата-аналардың бойындағы психологиялық қорқыныш жойылды. 10 мыңға жуық педагог оқудан өтті, 3 мың мұғалім цифрлық ментор сертификатын алды. Елбасы Академиясының командасы қысқа уақыт ішінде мектеп оқушыларын онлайн оқыту тұжырымдамасын әзірледі, нормативтік база дайындалды және НЗМ, РФММ және Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінен 150 мұғалімнен тұратын педагогикалық құрам қалыптастырылды. Bilim Media Group-пен бірлесіп ауылдық мектептердің 6-7-сынып оқушыларына арналған бейімделген қосымша білім беру бағдарламасы 2020 жылдың қазан айынан бастап іске қосылды. Өзгерістерді басқару менеджерлерін даярлау бағдарламасы жас, бірақ жетілген және талантты мамандардың аудиториясына бағытталған. Жоба қатысушылары – экономиканың, бизнестің, мемлекеттік басқарудың түрлі секторларындағы 230 маман, 3 мың үміткерді іріктеу кезінде жоба командасы білім деңгейі, кәсіби тәжірибе мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ өзгерістерге қабілеттілік, үйрену қабілеті, көшбасшылық, эмоцияналды интеллект және стреске төзімділік сияқты «ерекше» құзыреттерді де ескерді. Үкімет Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірлесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын жедел жүргізу үшін қажетті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нақты практикалық міндеттерінің шеңберін айқындады. Нақты мәселе бойынша шешімдер жобаларын дайындау үшін 11 негізгі сала бойынша 37 команда құрылды. Әрбір командаға салада мол тәжірибесі бар менторлар мен консультанттар бекітілді, сондай-ақ бағдарламаға қатысушылар кәсіби шеберлікке баулитын оқыту курсынан өтті. Нәтижесінде, жыл соңына дейін командалардың ұсыныстары Премьер-Министр бастаған бағдарламаның Басқарушы комитеті алдында қорғаудан өтіп, салалық министрлікте одан әрі іске асыру үшін құпталуы тиіс. Оқушылардың қабілетін анықтауға арналған Qabilet қызметі дарындарды анықтау мен басқарудың ұлттық жүйесінің өзегіне айналуы тиіс. Qabilet жобасы балалардың қабілетін мектеп нәтижелерін бағалаудан тыс кең ауқымда анықтауға бағытталған. Өңірлердегі білім беру сапасының біркелкі емесін ескере отырып, арнайы білімді қажет етпейтін зияткерлік және жеке қабілеттердің диагностикасы басымдыққа ие. Сингапур, Израиль, Оңтүстік Кореяның тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай тәсілдеме және оқушыларды қабілеттілік тесттерімен жаппай қамту, дарынды балаларды іріктеу кезінде пайдасы зор. Сарапшылардың пікірінше, дарындылық көбінесе дәстүрлі мектептің шеңберіне сәйкес келмейді және диагностика мен қолдаудың «нәзік» құралдарын қажет етеді.Qabilet қызметі таланттардың бірыңғай тізілімі сервистері және «Ел үміті», басқа да жобалар арқылы дарынды балаларды есепке алуды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Елбасы академиясының қоржынында барлығы 10 негізгі жоба бар, олар Нұрсұлтан Назарбаев қорының fnn.kz сайтынан көруге болады. Елбасы Академиясының командасында өз саласындағы ең үздік 20 маман жұмыс істейді. Жобалық менеджмент, жобаларды цифрландырудың жоғары деңгейі, ең бастысы, команданың жүктелген миссия үшін жоғары уәждемесі мен жауапкершілігі «Ел үміті» бастамасының табысты болуына, ел дамуы үшін маңызына деген сенімнің бірегей атмосферасын құрды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізін қалаған таланттарды басқарудың ұлттық жүйесінің негізі әлемдік тәжірибе мен үздік үлгілерден кем түспейді және ол Қазақстанның дамуы үшін жоғары әлеуетке ие.Жобаны іс жүзінде жүзеге асыру облыс орталықтарында, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында құрылған Qabilet 17 өңірлік таланттарды анықтау орталықтарының базасында жүзеге асырылады. Нысаналы топ оқушыларының қабілетін бағалау және кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ одан әрі оқыту мен дамыту үшін дарынды балаларды іріктеу бойынша жалпыұлттық сессиялар өткізу.
Фархад ҚУАНҒАНОВ, «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорының директоры