Аймақтың мәселесін талқылады
Аймақтың мәселесін талқылады
287
оқылды

Осы орайда Зайсан қаласындағы «Шалқар» базарының ұжымымен кездесу өткізілді. Кездесуде сөз алған аудандық сайлауалды қоғамдық штаб төрайымы С. Абдыгалиева сайлауға байланысты ұйымдастырылып жатқан іс-шаралармен қысқаша таныстырып өтті.

Кездесуге штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі әрі партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Р.Шотаева, аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткер кандидаттар А.Ахметжанова, С.Марқабаевтар қатысты.    width= «Шалқар» базарында жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен келген тұтынушыларға,кандидат, жеке кәсіпкер «Ақмарал» шаруа қожалығының жетекшісі А.Ахметжанова  өзінің праймеризге қатысып, «Nur Otan» партиясы мүшелерінің қолдауымен басым дауыс алғандығы жайында және келешекте атқаратын сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті.    width= Сондай-ақ келесі сөз кезегін алған, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша Зайсан аудандық бөлімінің басшысы кандидат С. Марқабаевта өзінің азаматтық көзқарасын білдіре отыра сайлауалды үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, өз бағдарламасын қатысушыларға таныстырды. Кездесуге қатысқан Зайсан ауданының сайлауалды штабының мүшесі,партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Р.Шотаева бақылау комиссиясының жұмысы және қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылғандығы туралы айта келіп, оған күнделікті көкейтесті мәселелер немесе ұсыныстар болған жағдайда, келіп ашық айтуларына болатындығы жайлы хабардар етті. Кездесуге қатысушылар оң көзбен қабылдай отыра, «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беретіндіктерін айтты.

      Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңының 28 бап, 5 тармағына сәйкес  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатына депутатар сайлауға  «Nur Otan» Партиясы» Қоғамдық бірлестігінің  Сайлау қорынан төленді. 

Тапсырыс беруші: «Nur Otan» партиясы Зайсан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мұратқызы,  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатына депутатар сайлауға «Nur Otan» Партиясы» Қоғамдық бірлестігінің  Сайлау қорынан төленді.