Ғалымдар коронавирустан сауыққандарға қатысты жаңа деректі жария етті
Ғалымдар коронавирустан сауыққандарға қатысты жаңа деректі жария етті
193
оқылды

Америкалық ғалымдар коронавирустан емделіп шыққан адамдар алғашқы он күн ішінде өліп кетуі мүмкін немесе ауруханаға қайта оралуы мүмкін деп есептейді, - деп жазады  Journal of the American Medical Association.

Мамандар коронавирустан сауыққан соң алғашқы 10 күнді өте қауіпті деп есептейді. Олардың зерттеуі бойынша жүрек жеткіліксіздігі және пневмониядан емделгендерге қарағанда коронавирустан емделіп шыққандарға төнген өлім қаупі  40-60% жоғары болған.

Ғалымдардың айтуынша, коронавирустан емделіп шыққандардың 9%-ы екі айдан соң қайтыс болған, 20%- ы қайта ауруханаға түскен. Зерттеу нәтижесі бойынша ауруханадан шыққан соң 60 күннен кейін ғана қауіп сейілетіні белгілі болды.