Қытайға сату үшін бала тапқан үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
Қытайға сату үшін бала тапқан үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
261
оқылды

Ресейдің Краснояр өңірінде полицейлер бала сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлады radiosputnik.ria.ru.

Агенттіктің мәліметінше, Қазақстанның 27, 32 және 34 жастағы азаматтары Ресейге 2019 жылы келген.

«Қазақстан азаматтары бір миллион рубль (5,7 млн теңге) ақшалай сыйақыға Қытай азаматтарының балаларын тууға келісімшарт жасасқан», — делінген хабарламада.

Биыл сәуірде олар екі ұл, бір қызды өмірге әкелген. Содан соң олар бірден балаларды күтушіге тастап, отандарына қайтып кеткен.
Полицейлер РФ ҚК 127.1  бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Балаларды өмірге әкелген әйелдер мен биологиялық әкелері іздестірілуде.
Қазіргі уақытта сәбилер мамандандырылған балалар үйінде.