Дереккөздің жазуынша, Өзбекстанда жасырын жұмыс істеген үш діни мектептің жұмысы тоқтатылды.
Мектепте балаларды ұрып, сабақ оқымағандарға тамақ бермеген.
Бұл туралы Yoshlar телеарнасы репортаж дайындады. Құқық қорғау органдары Ташкентте үш үйде діни мектеп жасырын жұмыс істегенін анықтады. Оларда отыздан астам кәмелет жасына толмаған бала оқыған. Yoshlar телеарнасының репортажында мектептерде таяқ, пышақ және пневматикалық қару табылғаны айтылды.
Діни мектеп қожайындарының ұялы телефонынан экстремистік, террористік сипаттағы аудио және видео жазбалар табылған. Діни мектеп ашқандарды жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.