22 жастағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (3-0, 2 КО) 31 жастағы ганалық қарсыласы Эммануэль Дансоны (35-6, 26 КО) жеңді. Бұл туралы Aikyn.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек толық алты раундқа жалғасты. Алайда соңғы раундта төреші қазақ боксшының басымдығына байланысты кездесуді тоқтатты. Дансо ары қарай айқасуға дайын екенін айтып, наразылық білдірді. Дегенмен шешім шығып қойған еді. Осылайша, Бек техникалық нокаутпен жеңіске жетті.