Тепловизор адамның дене қызуын өлшеуге арналмаған ­­– Жақсылық Қарақожаев
Тепловизор адамның дене қызуын өлшеуге арналмаған ­­– Жақсылық Қарақожаев
296
оқылды

Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының мамандары дене қызуын қолтыққа қыстырып өлшейтін термометрден артығы жоқ деп отыр. Сөйте тұра мониторингтік топтар тепловизоры жоқ бизнес нысандарға миллиондаған айыппұл салған.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім басшысы Айнұр Дәулетбаева: «Карантиндік шектеуді бұзған 1300-ден аса факті тіркелді. Соның ішінде дене температурасының термометриясын жүргізбеу фактілері бойынша 30-дан аса әкімшілік жаза қолданылған», – дейді. Астанада кәсіпкерлер термометрия жүргізбегені, тепловизор сатып алмағаны үшін 10 миллион теңгедей айыппұл төлеген. Бірақ мамандардың айтуынша, адам температурасын өлшеуде тепловизордың қажеті жоқ.   [caption id="attachment_95983" align="aligncenter" width="800"]тепловизор, Фото: КТК арнасынан алынды[/caption]

Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының қызметкері Жақсылық Қарақожаев: «Бұл тепловизорлардың барлығы өндірістік мақсатта пайдаланылатын тепловизорлар. Бұлар адамның температурасын өлшеуге арналмаған. Сол үшін ел арасында тепловизорларды медициналық мақсатта пайдаланғаны қателік болып тұр. Қате дейтін себебім, тепловизор өндірісте жоғары температураны өлшеуге қолданылады. Тепловизор – 1000-2000 градусты өлшейтін құрылғы. Ал адамның температурасы тек 32-42 градус аралығында болады», – дейді.

Сондықтан адам температурысын нақты көрсететін кәдімгі қолттыққа қыстыратын термометрден артығы жоқ. Бірақ мекеменің кіреберісінде келген әр адамның қолтығына термометр қоюға тағы болмайды. Бұл қазіргі санитарлық талапқа қайшы.

Ал тепловизордың құны бес мың теңгеден жоғары. Қазіргі уақытта сұраныс көп.