Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды
5,077
оқылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда соңғы бір тәулікте коронавирустан – 7 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде 690 адам коронавирусқа, 24 адам пневмонияға шалдықты.

25 349 адам короновирустан емделуде. Оның ішінде, 4 389 адам стационарда, 20 960 науқас амбулаториялық ем алып жатыр. 242 адамның жағдайы ауыр, 35 пациенттің жағдайы өте ауыр.

40 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр. Жалпы, пандемия басталғаннан бері 145 213 адам коронавирусқа шалдықты.

1 тамыздан бастап 44 368 адам пневмонияға шалдықты. Коронавирустан – 2173, пневмониядан 468 адам қайтыс болды.