Словакияда 19 желтоқсаннан бастап үйден себепсіз шығуға тыйым салынды
Словакияда 19 желтоқсаннан бастап үйден себепсіз шығуға тыйым салынды
181
оқылды
Словакия билігі тұрғындарға 19 желтоқсаннан бастап үйден себепсіз шығуға тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24». Үкімет жаңа ережелерді 8 сағат бойы тапжылмай талқылаған. Тұрғындарға тек медицина мекемелеріне, дәріханаларға, азық-түлік дүкендеріне және туыстарына баруға рұқсат етілмек. Мейрамханалар тамақты тек терезе арқылы беруге міндеттелген. Спорт жарыстары көрерменсіз өтпек.