Кремль Мемлекеттік Дума депутаттарының Қазақстан жеріне қатысты айтқан сөздеріне жауап берді
Кремль Мемлекеттік Дума депутаттарының Қазақстан жеріне қатысты айтқан сөздеріне жауап берді
343
оқылды
Кремль Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслава Никонов, Евгений Федоров және Владимир Жириновскийдің Қазақстан жеріне қатысты айтқан пікірлеріне ресми түрде жауап берді.
«Ресей Федерациясының конституциясы бойынша елдің сыртқы саясатына президент қана жауапты», - деп жауап берді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ҚазТАГ ХАА ресми сауалына.
Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никонов Ресейдің мемлекеттік  телеарнасының эфирінде «Қазақстан деген мемлекет жоқ болатын, Солтүстік Қазақстанда адам қоныстанбаған болатын" деген пікір айтты. Оның пікірінше, Қазақстанға жер Ресей мен Кеңес Одағынан сыйға берілген. Ал Евгений Федоров және Владимир Жириновский әріптестерінің сөзін құптап, отқа май құйды.