Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының деректеріне сәйкес, коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймаққа ауысты.
Матрица Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтында жарияланған.
«Қызыл» аймақта тек Атырау облысы ғана қалды. «Сары» аймақта СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан Covid-19 таралу деңгейі бойынша «қызыл аймақта» болған. Осыған байланысты елорда тұрғындарына мереке күндерін үйде өткізуге және адамдар көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берілген еді.