Қазақстан Ұлттық банкі 27 қарашада номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған Quraq kórpe коллекциялық монеталарын және номиналдары 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған Kόbelek. Lasiommata maera коллекциялық монеталарын айналымқа шығарады.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Quraq kórpe монеталары: Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып күмістен дайындалған.
Техникалық сипаттамалары: бұл монеталар 925/1000 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, таралымы – 1 500 дана.
«Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған» делінген хабарламада.
Коллекциялық монеталарды Ұлттық банктің филиалдарынан, www.nationalbank.kz сайтындағы интернет-дүкеннен сатып алуға болады.