«КазАгроның» қарызын жабу үшін бюджеттен 33 млрд теңгенің үстінде қаражат бөлінеді
«КазАгроның» қарызын жабу үшін бюджеттен 33 млрд теңгенің үстінде қаражат бөлінеді
185
оқылды

Ауыл шаруашылығы министрлігіне «ҚазАгроның» қаржылық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 33 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің қаулысына сілтеме жасай отырып LS сайты хабарлады.

Құжатқа сәйкес, аталған қаражат шұғыл шығындарға қарастырылған ақшадан бөлінеді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2019 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген мемлекеттік резервтен «ҚазАгро» холдингінің облигациялар бойынша купондық сыйақылардың бір бөлігін төлеуге жұмсалған шығындарын өтеу үшін 33 144 980 000 теңге көлемінде қаражат бөлінсін», - делінген құжатта.

Аталған қаулы жобасын талқылау 2019 жылдың 12 желтоқсанына дейін өтеді.