Ақтөбеде 24 жастағы қыздың сөмкесіндегі 2,5 миллион теңгені ұрлап кеткен жігіт ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.Биыл 15 желтоқсанда сағат 15.55 шамасында 102 телефон арқылы 101 атқыштар бригадасы көшесіндегі кафелердің бірінде белгісіз біреу 24 жастағы қала тұрғынының үстел үстінде жатқан сөмкесіндегі ақшасын ашық түрде ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Жәбірленуші рюкзакта 4.100 АҚШ доллары, 824 мың теңге сомасында ақша болғанын хабарлады. Жалпы шығын 2,5 миллион теңгені құрады.
Қабылданған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол Орал қаласына кетіп қалған екен. Жедел түрде көрші облысқа жедел уәкілдер шығып, Орал қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді.
ҚР ҚК 191-баптың 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес Ақтөбе қаласының УҰИ-не қамауға алынды