Қазақстан джиу-джитсуды дамытуда үздік елдің бірі ретінде танылды
Қазақстан джиу-джитсуды дамытуда үздік елдің бірі ретінде танылды
303
оқылды

Қазақстан джиу-джитсуды дамыту бойынша әлемдегі үздік елдер қатарынан көрінді, – деп хабарлайды Қазақстанның джиу-джитсу қауымдастығы.

Халықаралық джиу-джитсу федерациясы Қазақстанды джиу-джитсу дамытып отырған үздік елдердің бірі деп таныды. Әбу-Дабиде аталмыш спорт түрін кеңінен насихаттап жүрген 36 мемлекет өкілдерінің қатысуымен джиу-джитсуден өткен Әлем чемпионаты аясында JJAU Азия Одағының Бас Ассамблеясында елімізге күміс медальді табыстау туралы шешім жария етілді. Қазақстандық спортшыларды JJIF федерациясының Президенті Панайотис Теодоропулос марапаттады.

дж 3.jpeg

«Джиу-джитсу Қазақстанда енді ғана дамып келе жатқан жаңа спорт түрі. Соңғы екі жылда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Бізді әлемдік деңгейде мойындағаны – соның дәлелі. JJIF джиу-джитсуді дамытқаны үшін әлем бойынша екінші орынды Қазақстанға беруі біздің спортшыларымыздың халықаралық додалардағы жеңістерінің нәтижесі, сондай-ақ елімізде ірі жарыстарды өткізгеніміз үшін берілді», – деді Қазақстанның джиу-джитсу Қауымдастығының Президенті Болат Мажағұлов.

Ал келер жылдың ақпан айында Қазақстанда бірегей шара өтеді. Шетелдік ұлттық құрамалардың мүшелері Алматы облысындағы оқу-жаттығу базасында бірлескен жиын өткізеді. Жергілікті мекеннің тұмса табиғаты мен таза ауасы спортшыларға оң әсерін тигізбек. Оқу-жаттығу шарасына 200-ден астам адам келеді деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, Әбу-Дабиде өткен Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 9 күміс және 12 қола жүлдені қанжығасына байлады. Дүбірлі додада жас спортшылар да, Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшелері де күш сынасты. Пара-спортшы Ильдар Зайналов та ел қоржынына күміс медаль салды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командалық есепте Ne-Waza бөлімінде үшінші орын алды.

  

https://youtu.be/RN3bbpCVaUc