Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жалақысының мөлшерін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сағынтаев Алматы қаласының әкімі ретінде 950 мың теңге табыс табатыны белгілі болды. Салықты есептегенде, қолына 700 мың теңгенің үстінде айлық түседі. Бұл туралы ол Нұр-Сұлтандағы баспасөз конференциясында айтты.
«Жалақы барлық әкімдердің жалақысы сияқты. 950 мың теңге, мөлшері солай. Қолға 700 мың. Салық бар ғой, оның пайызы қанша екенін білесіздер», – деді Бақытжан Сағынтаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.