"Жұмадағы жеңілдік" кімге тиімді?
"Жұмадағы жеңілдік" кімге тиімді?
237
оқылды

"Black friday" немесе "черная пятница" дегеніміз не?

"Жұмадағы жеңілдік" акциясы бүкіл әлемге таралды. Біздің елде де кең етек алуда. Бірақ бұл акцияны көп жерде "қаралы жұма" деп те қолдануда. Кім қалай қолданса да "black friday" бүкіл әлемге таралды. Ол акция алғаш рет 1960 жылы АҚШ-та басталған. Міне, содан бері қарашаның соңғы аптасындағы жұмасын "жеңілдік күні" деп аталып кеткен.

Әйтеуір, сол күні бүкіл дүкендерде үлкен-үлкен жеңілдіктер болады. Соған орай, жұрт та  жиналады.  Бірақ, шынымен, жеңілдік қаншалықты жасалады? Оның пайдасы бар ма?

Мамандардың айтуынша, ол - өтірік нәрсе. Сауда орындарының жай ғана айласы екен. Өйткені көпшілігі "үлкен жеңілдіктер жүріп жатыр" деген ақпаратпен өзіне қажеті жоқ заттарды да сатып алады. Оған қоса, өткен маусымнан қалған заттар сатылымға салынады.

Қызығы, Францияның депутаттары "жаппай жүріп жатқан жеңілдік - сатып алушыларды жаппай алдауға көшкен" деп, бұл науқанға тыйым салмақшы. Ал, біз ше?