Көлгінов 400 отбасына үйдің кілтін табыстады
Көлгінов 400 отбасына үйдің кілтін табыстады
251
оқылды

Бірнеше блоктардан тұратын тұрғын үй кешені Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсекова көшелерінің қиылысында орналасқан.

Еліміздегі Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекте тұрған 419 адамға пәтер кілтін табыстады. 

Пәтерлер халықтың әлеуметтік әлсіз топтары, жетімдер, мүгедектер және Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары, көпбалалы отбасылар санаты бойынша берілген болатын. 


- Тәуелсіздігіміздің негізін қалаушы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы алғашқы күндерден-ақ  азаматтарымызға жағдай жасауымыз керегін айтуда. Бұрын мұндай мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары болған емес. Қазір елордада жыл сайын 2 миллион шаршы метрге дейін тұрғын үй салынады, оның 80 пайыздан астамы жеке инвестициялар. Бұл жұмыс орындары, салықтар, бизнес дамып жатқанын білдіреді. Міне, мемлекет өзінің әлеуметтік міндетін орындауда. Ірине, бір жылда бәрі жасалмайды. Әйткен, соған қолайлы жағдай жасауға тырысудамыз, - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасымен келесі жылы тұрғындарды үймен үш есе көбірек қамтымақ.