Коронавирус Антарктидаға жетті

Коронавирус Антарктидаға жетті

Антарктидадағы О'Хиггинс ғылыми-зерттеу станциясында 36 адамнан COVID-19 анықталды, - деп жазады 24.kz. Бұған дейін Антарктида коронавирус жоқ жалғыз материк болып келген. Вирус жұқтырғандар арасында Чилидің 26 әскери қызметкері және 10 қызмет көрсетуші бар. Олар Чилидің оңтүстігіндегі Пунта-Аренас қаласына көшірілді. Базаға көмекке келген кеме экипажының үш мүшесінен де коронавирус расталды. Антарктидада ешкім тұрақты өмір сүрмейтініне қарамастан, қыста мыңға жуық зерттеуші мен басқа қонақтар болады.