Ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы құбылмалы болады
294
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, еліміздің басым бөлігіне циклон әсер ететіндіктен, кей жерлерде қар жауады.

Солтүстікте және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел  күшеюі мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. 

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 18 м/с күшейеді. Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Түркістан облысының кей жерлерінде, Алматы облысының Алакөл ауданында жел тұрып, 15-22 м/с күшейеді. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, Ақтөбе облысының кей жерлерінде  бұрқасын болуы ықтимал, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.