Желаяқ әлемдік рекордты жаңартты
Желаяқ әлемдік рекордты жаңартты
272
оқылды
Еuronews.com-ға сілтеме жасаған «ҚазАқпараттың» жазуынша, угандалық желаяқ тасжолдағы жарыста 10 шақырымға жүгіруден әлемдік рекордты жаңартты. Испаниядағы Валенсия қаласында өткен бәсекеде ол осы қашықтықты 26 минут 38 секундта жүгіріп өткен. Бұл 2010 жылдан бері кениялық жеңіл атлет Леонард Комонның рекордынан 6 секундқа жылдам көрсеткіш. Угандалық соңғы шақырымды 2 минут және 45 секундтан аз уақытта жүгіріп өтті. 23 жастағы Чептегеи – биыл 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден әлем чемпионы және 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.