«Әлем барысы»: 30 елден келген балуандар бақ сынайды
«Әлем барысы»: 30 елден келген балуандар бақ сынайды
5,249
оқылды

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында Тұңғыш Президент күніне орай Қазақ күресінен абсолюттік «Әлем барысы» чемпионаты өтеді.

Qazaqstan Barysy қазақ күресін дамыту және қолдау қорының баспасөз қызметінің мәліметінше, чемпионаттың Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын дамыту, шет елдерде қазақ күресін насихаттауда маңызы зор. Дәстүрлі бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысады.

«Әлем барысы» атануға АҚШ, Австралия, Азербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения,Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Япония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары қатысады.

Ел намысын А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), М.Исағабылов (Қызылорда облысы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) сынды балуандар қорғайды.