Қонақүйде жаңажылдық кеш өткізуге тыйым салды
Қонақүйде жаңажылдық кеш өткізуге тыйым салды
205
оқылды

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Тыйым салуға аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы себеп болып отыр. Түркияның Ішкі істер министрлігі Жаңа жылды тойлау үшін қонақүйлерде түрлі ойын-сауық, шоу бағдарламалар мен кештерді ұйымдастыруға тыйым салды.

Айта кетейік, таяуда ел президенті желтоқсанның 31-і кешкі сағат 21:00-ден бастап қаңтардың 4-і таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат жариялаған болатын.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Түркия коронавирусқа шалдыққандар саны бойынша әлемде 7-орында тұр. Елде пандемия басталғалы 2 млн-нан астам адам ауру жұқтырған. Олардың 18 300-ге жуығы қайтыс болды.