Жириновский есірткі қолданған
Жириновский есірткі қолданған
188
оқылды

Ресейлік «ЛДПР» фракциясының жетекшісі Владимир Жириновский есірткі қолданғанын айтты.

Думаның кезекті отырысында «Интернетте есірткіні насихаттау мен таратудың қаупі» төңірегінде пікірталас өткен. Бұл туралы «Газеты.Ru» тілшісі хабарлады.

Жиында сөз алған Жириновский бала кезінде есірткі қолданғанын айтқан. Есірткіні үлкен жолдастарының ұсынуымен қолданып көрген Владимир оның қауіпті екенін білмеген.

– Мен мұны әдетке айналдырмадым. Бірақ басқаға ұнап қалуы мүмкін ғой. Сондықтан мұндайға жол бермеу керек, – деді Жириновский.

Осы орайда ол есірткіні таратпауды қолға алу керектігін айтып, наркодиллерлерді жан бармайтын жерге құрту керектігін ескертті.

Айта кетейік, Владимир Жириновский Қазақстанда туып, Алматы қаласында мектеп бітірген. Алайда ол, туған жері жайында ылғи да жағымсыз ойларын айтып, қазақтың жеріне байланысты пікір білдіріп, қазақстандықтардың ашуын жиі туғызып отырады.