Ұлттық банк бағаны бақылайтын Galymzhan 2.0 жүйесін іске қосты. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Олжас Төлеуов Facebook-тағы парақшасында жазды.
Galymzhan 2.0 арқылы тауардың коды бойынша барлық мәліметті білуге болады. Бұл – интернет-дүкендерде баға туралы ақпараттарды бір орталыққа жинайтын жасанды интеллект.
Қолданысқа енгізілген жаңа тәсіл сауда орталықтары, дүкен, базарлардағы бағаны бақылайды. Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Шымкентте сынақтан өткізілуде. Қазір 19 түрлі азық-түлік тауарлары туралы сараптап, талдап, бағасы туралы мәліметті бір орталыққа жинақтайды. Болашақта қадағаланатын тауар саны 3500-ге дейін көбейтілмек.