«Алматыметроқұрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы кепілмен уақытша босатылды
«Алматыметроқұрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы кепілмен уақытша босатылды
204
оқылды

Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Алматыметроқұрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов кепілдікпен босатылған.

«2019 жылы 28 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті Қайрат Реимовке қатысты кепілдік анықтамасымен «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 1 желтоқсан Реимовке қатысты бұлтартпау шарасы кепілдікке ауыстырылып, ол қамаудан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін «Алматыметроқұрылыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов «алаяқтық жасады» деген күдікпен 27 қарашада ұсталған болатын.