Алматыда элиталық үйлердің қожайындары 247 млн теңге қарыз
Алматыда элиталық үйлердің қожайындары 247 млн теңге қарыз
5,193
оқылды

Алматыда 1 000-нан астам элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 миллион теңге қарыз, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мүлік салығы мен жер салығын төлеудің 2018 жылға арналған мерзімі 2019 жылдың 1 қазанында аяқталды деп хабарланған. Алайда элиталық үйлер мен пәтерлердің иелері қарызды төлеуге асығар емес. Мәселен, Алматы қаласында 2019 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша 1 028 элиталық үй мен пәтердің иелері бюджетке 247 миллион теңге қарыз. 3 желтоқсанда қарызды өндіруге бағытталған іс-шаралар басталды. Атап айтқанда, борышкердің немесе басқа да жеке немесе заңды тұлғалардың жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін тәркілеу шараларын қолдану жоспарлануда.

«Осылайша, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік салығы бойынша қолданыстағы салық қарызын өз еркімен төлеуді сұрайды. Салық төлеушілер салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы Мемлекеттік мекеменің сайтында біле алатындығын естеріңізге саламыз. Немесе келесі сілтемені басу арқылы: http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web Салық амнистиясының қолданылу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Жеке тұлғалардың, Алматы қаласының тұрғындарының салықтық қарызына қатысты барлық мәселе бойынша Алматы қаласындағы Өндірістік емес төлемдер дирекциясымен 267-69-94, 267-69-26 телефон нөмірлері арқылы байланысуға болады» делінген ресми хабарламада.