Әлемге әйгілі Forbes журналы барлық салмақтағы боксшылардың рейтингін жариялады. Онда Қазақстандық боксшы Геннадии Головкин үздік ондықтан табылды.
Алайда бірер жыл бұрын көш бастаған Гена бұл жолы тізімнің тоғызыншы сатысына жайғасты.
Pound-for-pound тізімін Деонтэй Уайлдер бастады. Күтпеген жерден ол әйгілі «Канелоны» да артқа тастады.
«Ауыр салмақты боксшылар арасында Уайлдер сөзсіз мықты. Алайда бокс әлемінде оны нөмірі бірінші деп айту қисынсыз», – дейді Worldboxingnews.net порталы.
Pound-for-pound рейтингісінің толық тізімі төмендегідей:
1) Деонтей Уайлдер2) Теренс Кроуфорд
3) Василий Ломаченко
4) Наоя Инуэ
5) Сауль «Канело» Альварес
6) Александр Усик
7) Хуан Франсиско Эстрада
8) Эррол Спенс-младший
9) Геннадий Головкин
10) Мэнни Пакьяо.