COVID-19: Қазақстан «сары» аймаққа кірді
COVID-19: Қазақстан «сары» аймаққа кірді
117
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, 25 желтоқсандағы жағдай бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақтан шықпады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы «сары» аймақ тізімінде тұр. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақ тізімінде тұр. Бүгіннен бастап Батыс Қазақстан облысы «жасыл» аймақтардың қатарына енді.

Соған қарамастан, матрицаның бағалауынша Қазақстанның жалпы аумағы «сары» аймаққа енген.