Алматыдан 303 шақырым қашықтықта жер сілкінді.
ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, бүгін сағат 01:38-де Алматы қаласынан 303 шақырым қашықтықта жер сілкінді. Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай Талдықорған, Текелі аумағында болған. Табиғи апаттың жерасты дүмпуін Қапал, Жансүгіров, Текелі ауылдарының және Талдықорғанның тұрғындары сезінген. Магнитудасы —5,2. Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінен ешкім зардап шекпеген.