Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz-тің жазуынша, Нұр-Сұлтанда 6 миллион теңгеден астам айыппұл төлеуге мәжбүр.
3 желтоқсанда елордалық полицейлер Volvo XC90 автокөлігін тоқтатқан. «Бейнебақылау камералары мониторинг жүргізу кезінде осы автокөлік жол қозғалысы ережесін бұзғанына байланысты тоқтатылған. Тексеру барысында, осы автокөлікпен ЖҚЕ бұзу бойынша 98 дерек тіркеліп, 6 миллион 95 мың 350 теңге айыппұл салынған», – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, 49 рет ЖҚЕ бұзған Lexus LX 570 автокөлігі тоқтатылған, оған 2 миллион 489 мың 650 теңге айыппұл салынған. Автокөліктер айып тұрағына қойылған.