Келімбетов АХҚО-дағы жалақы көлемін айтты
Келімбетов АХҚО-дағы жалақы көлемін айтты
228
оқылды

Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов орталықтағы орташа жалақыны айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжілісте журналистердің сұрақтарына жауап берген Келімбетов AХҚО қызметкерлеріне бонустар берілмейтінін, ал олардың жалақысы «Бәйтерек» холдингіндегі жалақы деңгейінде екенін айтты.

«Менің ойымша, «Бәйтеректің» басшылық құрамы шамамен 5 мың доллар алады», – деп жауап берді Қ.Келімбетов.

Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов қазақстандықтар қаржыларын қайда инвестициялай алатынын айтты.

– «Астана» халықаралық қаржы орталығында қызмет етіп жүргеніме орай, АХҚО биржасында бағалы қағаздарға инвестициялауға кеңес беремін. Бұл тұрғыда «ҚазМұнайГаз» ІРО-сына дайындалып, біздің биржадағы жаңалықтарға назар аударған жөн,– деді Қ.Келімбетов.

Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасы мақұлданды.