#NurOtanTrends пікірсайыс алаңында «Партиялардың жаңа саяси жағдайдағы рөлі» атты ойталқы өтті.
Жиынға саясаттанушылар мен Nur Otan, «Ақжол», «ҚКХП», «Ауыл» партияларының өкілдері қатысты. Саясаткерлер қазіргі Қазақстанның саяси ахуалы мен патриялардың көтеріп жүрген сауалдарының өзектілігіне тоқталды. Сондай-ақ, тың идеялар мен партия алаңында жаңа ойыншылардың пайда болуы жайлы да сөз болды.
Саясаттанушы Айдос Сарымның ойынша, елімізде партиялық мәдениетті қалыптастыру керек.
«Біз нарықтық экономикаға ауысқан екенбіз, партияларға бөлінген қоғам қалыптастыруымыз керек. Ол үшін, тіпті, қазіргі бар партияларды қайта құрсақ та артық емес. Аймақтарда идеялар бәсекесін күшейту керек. Өз мүдделерін қорғауды арыз-шағым айту деп емес, арнайы платформалар құру деп түсінетін кез келді. Мысалы, мәслихаттарға өз кандидаттарын ұсыну, олардың өтуіне күш салу. Бұл мәслихаттың да маңызын арттырады», – деді Айдос Сарым.
Айта кетейік, #NurOtanTrends пікірсайыс алаңына Nur Otan партиясының Хатшысы Әлібек Әлденей, «Ақ жол» партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова, «ҚКХП» партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков және саясаттанушылар
Оразғали Селтеев пен Айдос Сарым қатысып, ойларын ортаға салды.