Меруерт Қазбекова: «Қазақстан Парламенті көппартиялылыққа өткеннен ұтылған жоқ»
Меруерт Қазбекова: «Қазақстан Парламенті көппартиялылыққа өткеннен ұтылған жоқ»
250
оқылды

Бұл туралы #NurOtanTrends пікірсайыс алаңында «Ақжол» партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова мәлімдеді.

«2012 жылы Парламентіміз алғаш рет көппартиялылыққа өткенінен ұтылған жоқ. Мысалы онда түрлі пікірталастар туындайтын болды. Жалпы айтқанда жұмыс қыза түсті деуге болады», – деді Меруерт Қазбекова.

Айта кетейік, #NurOtanTrends пікірсайыс алаңында «Партиялардың жаңа саяси жағдайдағы рөлі» атты ойталқы өтті.

Пікірсайыс алаңына Nur Otan партиясының Хатшысы Әлібек Әлденей, «Ақ жол» партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова, «ҚКХП» партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков және саясаттанушылар Оразғали Селтеев пен Айдос Сарым қатысып, ойларын ортаға салды.