Өскемен тұрғынынан бір тоннадан астам балық тәркіленді.
YK-news.kz хабарлауынша, азаматқа қатысты материал оны 389-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аумақтық балық инспекциясына жіберілді. Тұрғында тасымалданатын жүк үшін тиісті құжаттар болмаған екен.Көліктегі балықтың жалпы салмағы 1182 килограмм болды. Ер адамның айтуынша, ол балықты Күршімнен «жеке пайдалануы үшін» сатып алған.«Облыс орталығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара барысында «ГАЗ-3302» көліктегі Өскемен қаласының тұрғынының бір тоннадан астам балық алып келе жатқаны белгілі болды. Тексеру кезінде оның жүк тасымалдауға арналған құжаттары жоқтығы анықталды», - деп жазылған хабарламада.