РИА Новости-дің жазуынша, Instagram қызмет көрсету сапасын жақсартуды қолға алып жатыр.
Енді жаңадан аккаунт ашу кезінде қолданушы жасын көрсетуі міндетті болады. «Бүгіннен бастап біз Instagram желісінде аккаунт ашатын адамнан туған күнін сұрайтын боламыз» делінген ресми хабарламада.
Анығы адамның жасы басқа қолданушыларға көрінбейді.
Сонымен қатар Instagram желісінің жаңа талабында қолданушы өзіне хабарлама жіберетіндер тізімін де өзі реттеуіне мүмкіндік бар. Жаңа өзгерістерді қолданған аккаунттар өзгенің «историясы» мен жазған хабарламаларын көре алмайды.