2020: Ел есінде қалған әсерлі сәттер
2020: Ел есінде қалған әсерлі сәттер
535
оқылды

Биыл тосын оқиғаларға толы жыл болды. 2021 жылға санаулы күндер ғана қалды.  Өтіп бара жатқан жыл несімен есте қалды? Кімді жоғалттық, неден айрылдық? Жан түршігерлік оқиғалар қандай? Жұрт неден шаршады? Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде жыл туралы әзіл-қалжыңдар, түрлі карикатуралар көп.

Айтқандай, Wikipedia жылдың елеулі, адамзат үшін маңызды оқиғаларының тізімін жасады. Биыл елуден аса ел халықаралық қауымдастықты елең еткізген екен. Жаһандық тізімге Қазақстандағы бірнеше оқиға да еніпті. [caption id="attachment_98774" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Мысалы, 2020 жыл Қазақстанда «Волонтер жылы» деп жарияланды. Мұны Wikipedia әлемдегі маңызды саяси оқиғалардың бірі санайды. Оны батыс елдерінің осы оқиғаға ерекше мән беруінен байқауға болады. [caption id="attachment_98779" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Сондай-ақ  Wikipedia Қордай ауданындағы қазақтар мен дүнгендер арасындағы төбелеске де жеке тоқталыпты. Ел билігі мұны бұзақылық, тәртіпсіздік деп бағалады. Ал жаһандық энциклопедия не дейді? [caption id="attachment_98780" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «2020 жылғы 7 ақпанда Қазақстанның оңтүстігінде, Жамбыл облысының Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында қақтығыс орын алды. Биліктің байламынша, оған тұрмыстық шиеленіс себеп болған. [caption id="attachment_98781" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Қақтығыс салдарынан 11 адам қаза тапты, тағы 185 адам медициналық көмекке жүгінді. [caption id="attachment_98782" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] 23 мыңнан астам тұрғын, негізінен дүнгендер, көрші Қырғызстанға қашты. Қазақстанда қалған бірнеше мың дүнген мешіттерде, шекаралық завставаларда бас сауғалады. Жалпы саны 778 жергілікті отбасы зардап шекті», – дейді Wikipedia сарапшылары. [caption id="attachment_98783" align="alignnone" width="1000"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Коронавирус ықпалынан болған өзгерістер жер шарындағы  барлық адамзатқа және тіпті, ғарышқа да әсер етті. [caption id="attachment_98775" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Өйткені ғарышкерлер халықаралық ғарыш станциясына жету үшін бірнеше күнге созылған карантинге төзуге мәжбүр болды. [caption id="attachment_98777" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Пандемия қала көшелерін бос қалдырды. Есесіне, әйгілі туристік аймақтардың ауасы мен суы айтарлықтай тазарды. [caption id="attachment_98785" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Адамдар өз үйінде оқшауланды. Оңаша қалды. Отбасы бір-бірімен қауышуға мүмкіндік алды. Осынау қиын сәттерде бір-біріне ерекше қолдау білдірді. Оның көрінісін "балкондағы" концерттерден байқауға болады. [embed]https://youtu.be/sMlB1GyRew8[/embed] Олар көшеде пинг-понг ойнауды меңгерді. Балық аулау мен үй жануарларын бағып-қағуда дрондар мен басқа да әдістердің көмегіне жүгінуді үйренді. [caption id="attachment_98789" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Осындай қиын сәтте мемлекет карантинде ешқандай кіріс көзінсіз қалған азаматтарға 42500 теңге жәрдемақы төледі. Бұл да болса, кіріссіз қалған азаматтарға үлкен қолдау болды. [caption id="attachment_98756" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Бірінші кезеңде 4,6 миллион адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Оның ішінде 40 пайызы – жалдамалы қызметкерлер, 400 мыңға жуық жеке кәсіпкер, сондай-ақ бірыңғай жиынтық төлем төлегендер, жеке кәсіппен айналысатындар және келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер. [caption id="attachment_98765" align="alignnone" width="1023"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Екінші рет 3,8 млн адам алды. Үшінші рет ресми мәлімет бойынша 2,4 млн азамат 42 500 теңге алған. Шілдеде 42 500 теңге тағайындалған қазақстандықтарға карантин режимінің ұзартылуына сәйкес, 21 250 теңге автоматты түрде түсті. Ал тамыз айында алғаш рет өтінім жібергендерге 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) төленді. [caption id="attachment_98769" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Елді елең еткізген тағы бір оқиға – Мақтааралдағы су тасқыны. [caption id="attachment_42149" align="alignnone" width="1024"]ес © Сурет интернеттен алынды[/caption] Өзбекстанда жарылған Сардоба су қоймасынан келген су Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдарын басып, жеті мыңнан аса гектар егіндікті шайып кетті. [caption id="attachment_42150" align="alignnone" width="1024"]ес © Сурет интернеттен алынды[/caption] Судан үркіп, үдере көшкен елдің саны отыз бір мыңнан асты. Су басқан ауылдарын алыстан күзеткен тұрғындар құлаған үйлерін көріп, үнсіз жылады. [caption id="attachment_42151" align="alignnone" width="1024"]ес © Сурет интернеттен алынды[/caption] Үшінші күн дегенде судың ағысы тоқтады. Ауылды су алғанын, үйінің қирап, баспанасыз далада қалғанын естігенде әйелдер көз жасын тыя алмады. [caption id="attachment_42156" align="alignnone" width="1024"]ес © Сурет интернеттен алынды[/caption] Қиын сәтте тағы да мемлекет көмек қолын созып, баспанасыз қалған жандарды баспанамен қамтуға тырысты. Үйсіз-күйсіз қалған азаматтарды ауыл-ауылға орналастырып, қамқорлық көрсетті. [caption id="attachment_98749" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Қазан айында әлеуметтік желіде балаларын аяусыз ұрған әкенің видеосы қызу талқыға түсті. Кейін анықталғандай, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылының тұрғыны бала-шағасына зәбір көрсетіп келе жатқанына бірнеше жыл болыпты. Келіншегі осыған дейін полицияға екі рет арызданған. [caption id="attachment_98791" align="alignnone" width="1024"]ес ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Әке-шешем мені солай тәрбиелеген. Ұлдарымды ұрып, таяқпен тәрбиелеймін. Қалай тәрбиелесем де, өзім білемін. Ешкімнің шатағы болмасын», − деп бала-шағасын жұдырықпен тәрбиелеуді мақсат тұтқан  әкенің мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. [embed]https://youtu.be/5JPKjODg84c[/embed] 2020 жыл: адамзат жақынынан айырылды, бауырын жоғалтты, қимасынан көз жазып қалды. Қаншама дәрігер от пен судың ортасында жүріп, індет жұқтырған жандар үшін күресті. Бейбіт заманда өмір мен өлім күресі жүріп жатты. Бала анасынан, әкесінен айырылды. Қариялар үйінен алыс шыға алмай қалды. Жақынын жоғалтпау үшін оңаша қалудан басқа амал болмады. Осынау қиын сәттерден арылатын күн туса екен деп тілейді. Бұл – жер бетіндегі адамзат баласына келген нәубет! Халық тыныштық пен мейірімнің қадірін бағалай түсті. Тағдырлы кезеңнің бәрі артта қалып, 2021 жыл ақ түйенің қарны жарылған, молшылық жылы болса деген тілегіміз ғана бар.