Жұмысшыларды жаппай жұмыстан босатуға жол берілмесін – Асқар Мамин
Жұмысшыларды жаппай жұмыстан босатуға жол берілмесін – Асқар Мамин
169
оқылды

Жиында Үкімет басшысы жұмыссыздықты азайтуға қатысты аймақ басшыларына тапсырма берді.

«Бұл мәселелерді ерекше бақылауда ұстау керек. Біріншіден, Еңбек министрлігі әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, ақпараттық жүйелердегі деректердің негізінде проактивті режимде жалақы бойынша берешекті анықтау алгоритмін әзірлесін. Екіншіден, еңбек қатынастарын мониторингтеу үшін еңбек шарттарын толығымен электронды форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету керек. Бұл азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын жедел және объективті бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Еңбек министрлігі жұмыс берушілер және кәсіподақтармен бірлесіп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы әзірлеуі тиіс. Төртіншіден, әкімдіктер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыс берушілердің қол қойылған меморандумдар шеңберінде жұмыс орындарын сақтау жөніндегі міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етсін. Жұмыскерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол берілмесін, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қабылдасын. Бесіншіден, Қаржы министрлігі оңалтудағы кәсіпорындарда жалақы бойынша берешекті төлеу, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті азайту жөнінде пәрменді шаралар қабылдасын», – деді Асқар Мамин.

Тапсырманың орындалуын Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қадағалайды.