ДДСҰ басшысы 2021 жылы қандай сын-қатерлер күтіп тұрғанын айтты
ДДСҰ басшысы 2021 жылы қандай сын-қатерлер күтіп тұрғанын айтты
5,231
оқылды
2021 жылы әлемде коронавирусқа байланысты жаңа сын-қатерлер туындайды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адан Гебрейесус Женевада өткен баспасөз мәслихатында айтты. Оның айтуынша, 2021 жылы коронавирустың жаңа түрлері таралуы мүмкін. Сонымен қатар ол көпшілікті  пандемиядан шаршаған адамдарға көмек көрсетуге шақырды. ДДСҰ басшысы әлем елдерін эпидемиологиялық жағдай туралы ақпараттарды БҰҰ және басқа елдермен алмасуға шақырды.