Қаржы министрлігі «Проблемалық несиелер қоры» АҚ-тың қарыздарды өндіріп алу департаменті директорының міндетін атқарушысы аса ірі мөлшерде қаражат ұрлады деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Тengrinews.kz-тің жазуынша, тергеу басталды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Қаржы министрлігі «Проблемалық несиелер қоры» АҚ-тың қарыздарды өндіріп алу департаменті директорының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ЖШС басшысы мен құрылтайшысының сенімін теріс пайдалану мен алдау арқылы аса ірі – 20 миллион теңге мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді. Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр» делінген хабарламада.