Челах, Күлекбаевтар жазасын өтеп жатқан «Қара бүркіт» түрмесіне жаңа басшы тағайындалды

Челах, Күлекбаевтар жазасын өтеп жатқан «Қара бүркіт» түрмесіне жаңа басшы тағайындалды

Бұл туралы Қостанай облысы ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Қара бүркіт» колониясының жаңа басшысы болып әділет подполковнигі Нұрбек Қабдікәрімов тағайындалды.   [caption id="attachment_99020" align="aligncenter" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Нұрбек Қабдікәрімов 1982 жылы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ақжар ауылында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұған дейін Қостанай ҚАЖД басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Осыған дейін «Қара бүркіт» колониясының бұрынғы басшысы пара алды деген күдікпен ұсталғанын жазған болатынбыз. Кейіннен оның әпкесі бауырының жазықсыз екенін айтып жазба жариялады.

Айта кетейік, «Қара бүркіт» колониясы Жітіқара қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан. Жеке құрамнан бөлек, түрмені ішкі әскер қызметі күзетеді.

«Қара бүркітте» 2012 жылы желтоқсанда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қарағандылық бұрынғы шекарашы, «Арқанкергенде» 14 шекарашыны өлтірген деп айыпталған  Владислав Челах, 2016 жылы 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы АІІБ, ҰҚКД және Салық департаментінің ғимаратына қарулы шабуыл жасаған Руслан Күлекбаев жазасын өтеп жатыр. Алматыдағы атыс салдарынан 10 адам қайтыс болды.