Алматыда бір отбасы белгісіз дәріден уланып қалды
Алматыда бір отбасы белгісіз дәріден уланып қалды
199
оқылды

Алматылық әйел мен оның отыздағы ұлы қазір жансақтау бөлімінде жатыр

Оқыс оқиға жайлы Ольга Гумирова есімді Facebook қолданушысы хабарлаған. Оның айтуынша әйел базардан жәндіктермен күресетін қытайлық «Дракон» дәрісін алып, үйіне шашыпты. Жазбада «Ертеңіне ұлы екеуі аурханаға түскен. Қатты уланған олардың өкпелері істен шығып, тірі қалуы мұң болып тұр» , – делінген.

Науқастың қызы Марина Баленко анасы үйдегі қырықаяқтарды өлтірудің орнына өзі өлім аузында жатқанына налиды. Анасына көмектесуге барып, оның үйінде бірнеше сағат болған Маринаның өзі де уланып қалған. Тіпті төрт күн бойы ем алуға тура келіпті.

Ауруханадан шыға салып туыстары неден уланғанын білу үшін СЭҚ қызметіне қоңырау шалған. Алайда мамандар бұл мәселенің оларға қатысы жоғын айтып, басқа мекемеге сілтеп жіберіпті. Ол мекеме де басқа нөмірге хабарласуын өтінген. «Бәрі жауапкершілікті бір-біріне аудара салғанды жақсы көреді. Ешкім бұл мәселемен айналысқысы келмейді», – дейді жыларман болған бойжеткен.