Алматыда 500 адамды жинап кеш ұйымдастырған бардың жұмысы тоқтатылды
Алматыда 500 адамды жинап кеш ұйымдастырған бардың жұмысы тоқтатылды
200
оқылды
Алматыда жұмыс кестесін сақтамағаны және адамдардың жаппай жиналуына жол бергені үшін сот бардың қызметін тоқтатты. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтамауына және жасалған ескертулерді елемеуіне байланысты "Артист" ("Bm Trade Company" ЖШС) барының жұмысы тоқтатылды. Мониторингтік топтар жүргізетін тексеру іс-шараларының нәтижесінде бұрын мекемеде бірнеше рет жұмыс кестесін сақтамау және адамдардың жаппай жиналуына жол беру сияқты бұзушылықтар анықталған. Мониторингтік топ келген кезде "Артист" барында 300-ден 500-ге дейін адам болған. Соңғы деректер бойынша, Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 мыңнан астам науқас тіркелген, оның ішінде 389-ы өліммен аяқталған.