Әлем елдері Жаңа жылды қалай қарсы алды?

Әлем елдері Жаңа жылды қалай қарсы алды?

Көптеген елде шектеулерге байланысты қала көшелері қаңырап бос қалды.

Мысалы, Лондонда дәстүрлі мерекелік отшашу өткізілмеді. Парижде полиция күзеті күшейтіліп, адамдардың карантин тәртібін бұзбауы қадағаланды. https://youtu.be/8IBp5iJ0Gy8 Әдетте, ығы-жығы жүретін халық бұл жолы көрінбеді. Ал Испания астанасында Жаңа жыл виртуалды өтті десе болады. Отшашулар ұйымдастырылғанымен, мерекелік шара тек теледидар арқылы көрсетілді. Мадрид көшелерінде де адам қарасы аз. Дегенмен індетке қарамастан кей елдерде шағын мерекелік іс-шаралар өтті. Мәселен, Дубайда бір сәтте әсем отшашулармен жарқырап, әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж Халифа түрлі-түсті бояуға енді. [embed]https://youtu.be/gXe8W3lAlcc[/embed]