Нью-Йоркте Қазақстан азаматы ұсталды
Нью-Йоркте Қазақстан азаматы ұсталды
226
оқылды

Бұл туралы АҚШ көші-қон және кеден полициясы хабарлады.

Хабарламада көші-қон және кеден полициясының қызметкерлері бес күн ішінде АҚШ заңын бұзған 12 шетел азаматын ұстағаны туралы айтылған. Олардың бәрі құқық қорғаушылардан жасырынып жүргендер. Ішінде шетелдік қашқындар да болып шыққан.

Нью-Йорк полиция бөлімшесінің директоры Томас Р. Декер: «Осы операция барысында біз өз елінде қылмыс жасап, Нью-Йоркте жасырынып жүрген бірнеше шетел азаматын ұстадық. Біздің еліміз шетелдік қылмыскерлер паналайтын орынға айналмауы керек», – деді өзі сөзінде.

Тұтқындалғандардың ішінде 27 жасар Қазақстан азаматы да бар. Ол елімізде тонау фактісі бойынша айыпты деп танылып, бес жылға сотталған. Барлық тұтқындар қазір уақытша қамау изоляторында.